Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Экс-министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке келді

Экс-министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: baiterek.gov.kz

Шарлапаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы ақпарат KASE қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жарияланды. 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген хабарламада. 

Енгізілген өзгеріске сәйкес, енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:

- Олжас Бектенов – директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр;

- Болат Жәмішев – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;

- Лука Сутера – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;

- Вонг Хэн Фай – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;

- Нұрлан Жақыпов – "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасы;

- Мұхаммед Жамиль Әл Рамахи – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;

- Қанат Шарлапаев – президент көмекшісі. 

Еске салсақ, 2025 жылдың 28 ақпанында Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 15 Сәуір, 2025 18:29
Талқылау