Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тосын сыйды тағдырдың өзі дайындаса керек": Ақтөбелік ару Болливудты бағындырды

Ақтөбе қаласының тумасы Ксения Панферова Үндістанда "Гиндзи" шытырман оқиғалы фильмінде басты әйел рөлін сомдады. Кадрдағы сымбатты аққұба қазақ қызы танымалдылыққа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап.

Ксения батпақтар мен нағыз джунглилердегі экстремалды түсірілім туралы айтып берді.

"Үнді кинематографиясында түсірілім достық пен тату ұжымның көмегімен нағыз шытырман оқиғаға толы болды. Бірнеше ай бойы көп жұмыс істедік. Аз ұйықтап, шаршасақ та, бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Ойнаған рөлдердің барлығын шынымен бастан өткердік, жүрегімізден шығардық. Бұл ұмытылмас кез болды!" – деп бөлісті Ксюша.

Ару Ақтөбе қаласында туып-өскен. №16 мектепте оқып жүріп, суретші-дизайнер болуды армандаған. Мектептен кейін ол Мәскеуді бағындыруға аттанған. 2009 жылы ол алғаш рет сәнгер ретінде халықаралық көрмеге қатысқан. Ксения "Айқын көзқарас конусы" поэзиялық жинағының авторы.Ол ешқашан кино бағытында мансап армандамаған. Тосын сыйды тағдырдың өзі дайындаса керек. Үндістанға сапары кезінде кездейсоқ таныстықтың арқасында қазақ қызы Болливудты бағындырды. 

"Камераның алдындағы жұмысқа маған ресейлік сән индустриясындағы көп жылдық тәжірибем көмектесті. Мұнда бәрі тұрақты түсірілімге тікелей байланысты. Сән көрсетілімдері, фотосессиялар, сұхбаттар және т.б. кастингтер мен түсірілімдер және "Мосфильммен" жақын достығым көп көмегін тигізді. Жұмыс процесі маған жақсы таныс еді", – дейді бойжеткен.



Ксения үнділік "Джиндзи" жобасы Тривандрумдағы (Үндістанның батыс жағалауындағы Керала штатындағы қала) Читранжали студиясынан бастап, көптеген жерлерде, сондай-ақ әлемнің ең ғажайып және көркем өңірлерінде түсірілгенін айтты.

"Түсірілім жолы Каллар джунглиіндегі қауіпті жерлерде, жартастарда және ежелгі храмдарда, қирандылар мен көлдерде, Тамил Наду штатындағы Цзинжи елді мекенінің жанындағы бекіністерде өтті. Бұл тарихи жерлерде біздің шытырман оқиғаның сюжеті ба. Біз соңғы негізгі кезеңді Үндістанның шығыс жағалауындағы Бенгал шығанағындағы Пондичерриде өткіздік. Тілдік кедергі болған жоқ. Үндістанның барлығы дерлік ағылшын тілінде сөйлейді. Оның үстіне адамдармен ұзақ жұмыс істегендіктен сөзсіз түсінісетін болдық. Мәтінде жаттауда да мәселелер туындамады", – деп қорытындылады актриса.

Ксения Панферова француз әйелінің рөлін сомдады. Оқиға бойынша ол отанына келіп, үйіндегі жертөледен арғы атасының коллекциясын тауып алады.

Талқылау