Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт бала көз жұмған Аягөздегі интернаттан коронавирус табылды

Көктемде қызылшамен ауырған төрт бала көз жұмған Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында коронавирус табылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Аягөз интернат

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ауырған балалардың бұрын арнайы интернатта болмағанын айтты.

"Олардың біреуі демалыста ата-анасымен болған, екіншісі Өскемен қаласының психикалық денсаулық орталығында болды. Олар үлкен топтан. Бұл паллиативтік топ емес. Бұл балалармен тікелей байланысқан тәрбиешілер, мұғалімдер мекемеден тыс жерде өздерін оқшаулаған", - деді ол.

Аягөзде ерекше балалардың өлім себептерін тергеу әлі де жалғасып жатыр. Мұның бәрін балалар омбудсмені Аружан Саин қадағалайды. Іс ішкі істер министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында.

Еске салайық, биылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған интернатта бірден төрт тәрбиеленуші көз жұмғаны белгілі болды. Олар "қызылша" диагнозымен инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Бірақ кейіннен дәрігрлер балалар өлімінің қызылшаға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сосын балалардың қаза болауына қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері жарияланды. 

Талқылау