Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасының уақыты тағы да өзгеруі мүмкін

Tokyo-2020 олимпиадасының директорлар кеңесінің мүшесі Харуюки Такахаси COVID-19 пандемиясына байланысты жағдай жақсармаса, Олимпиада ойындарын өткізу уақыты тағы да ауыстырылады деп мәлімдеді. Бұл туралы Japan Times жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Tokyo 2020

Осы жылдың наурыз айында Жапония үкіметі мен Халықаралық Олимпиада комитеті келесі айда басталуы керек болатын ойындарды 2021 жылға дейін кейінге шегеру туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады.

Жапондық Nikkan Sports газеті сейсенбіде ХОК президенті Томас Бах келесі жылы ойындар болмай қалса, Олимпиаданы болдырмау керек деп айтқанын хабарлады. 

Алайда Такахаси бұл Жапония мен әлем экономикасына үлкен зиян келтіретінін мәлімдеді.

"Жапония мен бүкіл әлем экономикасы қатты зардап шегеді", - деді Такахаси.

Ол ойындардың күшін жою алдында тағы бір  кейінге қалдыруды қарастыру керек деп ойлайды.

Ал йымдастыру комитетінің атқарушы кеңесінің отырысында Токио-2020 президенті Есиро Мори ойындарды тоқтату туралы мәселе ХОК-пен талқыланбағанын мәлімдеді. 

2022 жылы Пекинде қысқы Олимпиада мен футболдан әлем чемпионатының өткізілуіне байланысты Токио ойындарын кейінге қалдыру әлемдік спорттық іс-шаралардың көп болуының ықпалынан одан әрі үлкен проблемалар туындатады.

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда, пандемияға байланысты жарыстар бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өткізілуі керек. Бұл ретте "Токио-2020" атауы сақталады.

Талқылау