Тоқаев жаңа денсаулық сақтау министріне нақты тапсырмалар берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына коронавирусқа қарсы күрестің қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
25 маусымда Алексей Цой Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау министрі болды.
Коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен босату туралы өтініш берді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Лязат Ақтаева өз еркімен отставкаға кетті.
Ал жаңа министрдің орынбасары болып Марат Шоранов және Ажар Ғиният тағайындалды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ