Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаева денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Лязат Ақтаева өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ләззат Ақтаева

"ҚР үкіметінің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Лязат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 жылы) және ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын (2003 жылы) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған.

2017 жылғы ақпан айында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.

Талқылау