Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев сайлауға басқа ұйымнан түссе, Amanat партиясы ешкімді ұсынбайды - Қошанов

Парламент Мәжілісі мен Amanat партиясының төрағасы алдағы Президент сайлауында кімді қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен сайлауға қатысатын лайықты кандидатты қолдайдым. Өздеріңіз сезіп отырған шығарсыздар, ашық айтайын, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Келесі сайлауға баратын болса, сол кісінің кандидатурасын мен қолдаймын. Ал енді Қасым-Жомарт Кемелұлы Amanat партиясынан бара ма немесе басқа ұйымдардан бара ма, оны өзі шешеді", –  деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Мәжіліс төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға басқа ұйым немесе партия атынан түссе, онда Amanat партиясы кандидат ұсынбайтынын жеткізді.

Осы орайда Қошанов өзі президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді.

"Мен ешбір сайлауға қатыспаймын. Биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі сайлауға да. Ресми түрде сіздерге мәлімдеймін: мен қатыспаймын", –  деді спикер.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов экс-депутат Дариға мен Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлауға қатыса алатынын айтқан еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Әзірге саяси доданың қашан өтетіні белгісіз. Тиісті жарлық шыққан жоқ.

Талқылау