Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысының жарлығымен Ахметов Альтаир Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Тоқаев президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар жасады

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Бұл қызметке Ерлан Әбіл тағайындалды.

Ахметов Альтаир Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің мемлекеттік басқару магистрі, (2014)Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы референт, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің атташесі ретінде бастады.

2003 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің референт, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуірінде ол Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

Талқылау