Тоқаев Әлиевті Астана әуежайынан шығарып салды
Фото: Ақорда
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Астанаға мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салды.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгенін хабарлаған едік. Әзірбайжан президентін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алған.
Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге баса мән берді. Екіжақты тауар айналымын жақын арада еселеп, оны бір миллиард долларға дейін жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауға уағдаласты.
Келіссөздер кезінде ірі инфрақұрылымдық, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары секілді стратегиялық тұрғыдан маңызды жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылған. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды тақырыптың бірі болды.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
