Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев екі министрлікте жаңа тағайындаулар жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінде және ұлттық экономика министрлігінде жаңа тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заппаров Арыстанғани Расулханұлы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Жұмабеков Арман Даирұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Алдабергенов Нұрлан Шадибекұлы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Махамбет Әбисатов ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Оның лауазымын Арыстанғани Заппаровты қабылдады.

Талқылау