Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев денсаулық туралы кодексті бекітті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қол

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа кодекс ұлт денсаулығын нығайтуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға, мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Жоба қоғамдық денсаулықты сақтауды күшейтуді, медициналық технологияларды дамытуды, медициналық қызмет көрсету, көмек көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы бақылауды жетілдіруді, медицина қызметкерінің мәртебесін арттыруды көздейді.

Талқылау