Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев бас прокурорға Арыстағы жарылысқа кінәлілерді жазалауды тапсырды

Қазақстан президенті бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев

Мемлекет басшысына Бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді.

"Қазақстан президенті бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды", - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі, 24 маусым күні, Түркістан облысы, Арыс қаласында ірі жарылыс болды. Әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстың себеп-салдары әзірге нақтыланбады. Министр бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Кінәлілер анықталса, оларға берілетін жаза – өте қатаң болатынын айтты.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның қай аумағында қалыңдық пен күйеужігіт көп?

Қазақстандағы әйелдердің саны 566,5 мың

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 24-26 тамызға арналған болжам

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Компания биыл үш рет ұсталса да, ереже бұзуды жалғастыруда

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Жұрт жұлдызды жұпқа бақыт тіледі

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

Ресейде полицейлер зорлаған қазақстандық қыз елшіліктің көмегіне жүгінбеген

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді
Çàãðóçêà...