Тоқаев 2020 жылдың айтулы оқиғалары туралы айтып берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтап, елімізде жүзеге асатын жобалар, айтулы оқиғалар жайлы айтып берді. Мемлекет басшысы 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Келесі жылы Конституциямыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеміз. Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.
Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады. Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз. Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы 2020 жылда игі істер лайықты жалғасын табатынын ескерді.
"Біз 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады. Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек",- деді ол.
"Халықтан биік ешкім де, ештеңе де жоқ": Тоқаев алғашқы жаңа жылдық құттықтауында не айтты.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
