"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты
Димаш Құдайберген Лейсан есімді тыңдарманының қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Казань қаласына барған әнші Лейсан атты тыңдарманымен кездесіп, оның арманын орындаған болатын. Сол кезде тыңдарманы ауыр дертке шалдығып, химия курсын алып жатқандықтан, сыртқа шыға алмаған болатын. Күні кеше оның бақилық болғаны туралы хабар тарады. Димаш Құдайберген өз кезегінде бұл қаралы хабардың өзіне қатты әсер еткенін айтты.
«Періштедей жүрегі таза Лейсан қарындасым туралы осы бойы ғана ауыр хабар естіп төбеме жай түскендей болды. Жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын күндей күлімдеген алтын қыз...Барлық жақындарыңа Алла сабыр берсін. Шын жүректен қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды әнші.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ