Тіс ауруының себептері
Тіс түбінің қалыпсыз қанауы тіс түбі және жиегінің қабынуы ауруының белгісі болуы мүмкін. Тіс түбі қабынғанда қызарып ісіп, шет–шеті базданып, бір нәрсе тиіп кетсе болды қан шығады. Ал тіс жиегі қабынғанда тіс түбі қабынуының белгілерінен тыс, тіс босайды, тіске тамақ қыстырылып қалады.
Тіс ұлпаларының өсуі.
Мұнда тістің түбі бұлтиып өседі. Өскен ұлпалар тістің бетін жауып алады. Тістің түбі, тіс қаңқасы өскен ұлпалардың астында қалып, қан шығады.
Тіске қақ тұру.
Тістің арасына қыстырылып қалған қалдық тамақтардың бактериялануынан пайда болады. Бұл тіс түбі қанауының басты себептерінің бірі. Сондай-ақ, С дәрумені ұзақ уақыт жетіспегендіктен, тіс түбі ұлпаларының ұсақ тамырларының кеуіктігі артып, сіңірімділігі жоғарылап, оңай қанайды. Назар аударуға тиісті жайт: гемофилия, қан пластикасы сынды қан ауруына шалдыққан науқастарда тіс түбі қанайды. Сондай-ақ қан обыры ауруына шалдыққандардың 80 пайызында алғашқы кезде тіс түбі қанайды.
Тіс ауруы тістің ғана ауруы болмауы мүмкін. Сондықтан, тістің түбі бірнеше күн қанап басылмаса және ауыз қуысынан бөгде иіс шықса, оған қоса буыны қақсау, қызу, мұрыннан су ағу және басқа да қатерлі аурулардың белгісі байқалса, дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет.
“Жас-Ай” медициналық ақпараттық журналы
Жіберіп алмаңыз:
Стоматологияның ашылмаған құпиялары: жарылатын тістер
Ғалымдар акуланың тісін зерттей келе адам тісін қайта өсіретін технологияны іске асырмақ

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
