"Атырау" футбол клубы бір күнде 11 футболшымен қоштасты

23 маусым күні "Атырау" футбол клубы негізгі құрамдағы 11 ойыншымен келісімшартты үзгенін ресми түрде хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Командадан кеткен ойыншылар қатарында қақпашы Санжар Ерниязов, қорғаушылар Мирам Сапанов, Равиль Атыханов және Микаэль Аскаров, жартылай қорғаушылар Роман Чирков, Амандық Набиханов, Сұлтан Сагнаев пен Заза Цицкишвили, сондай-ақ шабуылшылар Шохан Абзалов, Едіге Оралбай және Бақдәулет Зұлфиқаров бар.
"Бірқатар футболшылар өз мансаптарын басқа клубтарда жалғастырады. Олар клуб намысын қорғау барысында жанкештілік пен кәсібиліктерін көрсетті. Әрқайсысына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, болашақта табыс пен сәттілік тілейміз", – делінген "Атырау" клубының хабарламасында.
Қазір Қазақстан Премьер лигасының 15-турынан кейін "Атырау" футбол клубы турнир кестесінде небәрі 4 ұпай жинап, 14-орында келеді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

