Стоматологияның ашылмаған құпиялары: жарылатын тістер

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 15:18

XIX ғасырда бірнеше ай бойына тісі ауырған емделушілердің тістері кенеттен шықырлай сынып, өздігінен жарылатындығы байқалған жағдайлар жиілеген. Ауыз қуысындағы жарылыстың күштілігі сонша, тіпті, бір әйел бірнеше күнге есту мүмкіндігінен айырылған.

kak-snyat-zubnuyu-bol4

XIX ғасырда Пенсильваниядағы тіс дәрігері Уильям Генри Аткинсон емделушілерінде бұрын-соңды кездеспеген «сұмдық» ауру нышандарына тап болған.

Dental Cosmos журналында 1861 жылы жарияланған мақалада Аткинсон растаушы құжаттарға сүйене отырып, жарылатын тіс індетінің сипаттамасын берген.

Ол бұл ауру нышандарының үш науқаста байқалғанын айтады.

Тізімдегілердің бірі, Спрингфилд қаласының тұрғыны, шіркеу қызметкері Д.А. аталмыш ауруға 1817 жылы ұшыраған. Ауру белгілері жайлы: «Басында оң жақ азу тісі ауыра бастаған. Уақыт өте келе оның қатты ауырғандығынан долы күйге түскен. Ауру жанына батқандығы сонша, науқас әрі-сәрі халге түсіп, құтырынған аң іспетті басын жерге ұрып немесе басын суға малып тұрған»,- деп сипатталады.

Мұндай мінез-құлықтың шіркеу қызметкеріне лайық еместігі анық. Алайда берілген сипаттама арқылы аурудың қаншалықты жанға бататынын аңдай аламыз.

Індет жалғасуда

Стоматология дамымаған кездерде, тіс ауыруы азаппен тең еді.

1862 жылы Суссекс ағылшын графтығында өткен сот тергеуінің нәтижесінде әлдеқандай ер адамның 5 ай бойына тісі ауырғандығының салдарынан өз-өзіне қол жұмсағандығы анықталған.

Тергеу деректерінде: «Аталған уақыт аралығында оның айналасындағылар күн сайын ұзақ уақыттар бойы жылағанын көрген»,- делінеді.

Шіркеу қызметкерінің басына түскен жағдай соңы қуанышпен аяқталған. «Барлық қолданылған шаралар нәтиже бермеді. Бір күні ол ауру жанына батқандықтан тағы да әрлі-берлі жүре бастағанда, тапаншадан оқ атылғандай қатты дыбыс шықты. Оның тісі ұсақ бөліктерге бөілініп, жарылып кеткен еді. Артынша науқас аурудың басылғанын сезінді. Қуанғаннан әйеліне бұрылып: «Ауыруым түгелдей басылды»,- деген. Төсегіне жата қалып, бір күн, бір түн ұйықтаған. Осыдан кейін оның мінез-құлқы өзгеріп, қайтадан өз қалпына келген»,- деп жазады тіс дәрігері.

Осы оқиғадан 13 жыл өткен соң, Спрингфилд қаласының маңында тұратын миссис Летисия Д. басынан осыған ұқсас жағдай өткен.

Ұзақ уақыт бойына тіс ауруынан азап шеккен оның да дерті ауру тісінің кенеттен жарылуынан соң сап тиылған.
Тізімдегі науқсастардың соңғысының оқиғасы 1855 жылы орын алған. Миссис Анна П.А. азу тістерінің бірі екіге бөлініп қалғанын айтады. «Кенеттен тістің жарылуы, артынша жеңілдікті сезінуің. Басқа жағдайлардағы сияқты Анна П.А. ханымның да сол жақ азу тісі ауырған. Бүгін де ол сүйкімді қыздардың анасы, аман-есен»,- дейді Генри Аткинсон.

Бұл оқиғалар ерекше болса да, бірегей емес.

Біраз уақыт бұрын «Британ стоматологиялық журналының» редакторлары 1965 жылы жарық көрген мақалаларын қайта жариялады.

Онда тістің жарылуын бастарынан өткерген адамдардың оқиғалары егжей-тегжейлі баяндалған.

Журнал редакторлары тізімге 1871 жылы америкалық тіс дәрігері Джей Фелпс Хиблер тіркеген жағдайды да енгізген.

Дәрігер тіс ауыруына шағымданған жас қызды бақылауға алған. Араға біраз уақыт сала науқастың ақыл тісі жарылған. Тіс жарылысының күштілігі сондай, қыз әрең дегенде аяққа тұрып қалған. Тіпті, жарылыс дыбысының салдарынан бірнеше күн құлағы естімеген екен.

Қант және тісжегі

XIX ғасырда тіс жарылысы орын алған бес-алты жағдай тіркелегенімен, 1920 жылдардан кейін ұқсас оқиға орын алмаған.
Манчестер стоматология мектебінің терапиялық стоматология Университетінің профессоры Хью Девлин ауру тістердің мүжіліп, сынып жататыны жиі кездескенімен, олардың жарылуы жайлы естімеген.

Десе де ол аталған мәселенің басты себебін қантты көп тұтынудың салдарынан пайда болған тісжегімен байланыстырады.
Сонымен, тістің жарылуына не себеп болуы мүмкін?

1860 жылы Аткинсон өз мақаласында аталған жайтқа себеп болуы мүмкін деп екі түсініктеме ұсынған. Біріншісінде, ол «шексіз қызуға ие» зат деп атаған әлдеқандай негіздің тісте жинақталып, тіс жұмсақ етінде қысымның бірден өсуіне алып келуі мүмкін дейді.

Ескілікте қалған ғылыми теорияға сүйенгендіктен, бірден бұл болжамды бұрыс деп тануға болады.

Аткинсон ұсынған екінші түсініктеме бір қарағанда сенуге тұрарлық болып көрінуі мүмкін. Дәрігер тіс ішінің шіруі салдарынан онда газ жинақталып, нәтижесінде тіс жарылатындығын айтады.

Екінші тұжырым біз іздеген жұмбақтың шешімі бола алады ма?

Девлиннің оған шүбәсі бар. «Тістер өте берік болғандықтан, жарылыс арқылы олардың ұсақ бөліктерге бөліну мүмкіндігі өте аз. XIX ғасыр тіс дәрігерлері тісжегінің пайда болу себептерін түсінбеген. Олардың пайымдауынша, тісжегі тіс ішінен пайда болады. Тек өткен ғасырдан бастап қана біз тісжегінің адам тамақтануымен және тіс бетінде жинақталған бактериялармен тікелей байланысты екенін ұғындық»,- дейді Девлин.

Десе де, өткен ғасырларда тіс тығындауына қолданылған химиялық препараттарға назар аудару арқылы сұрағымыздың жауабын таба аламыз.

Бәрі де химияның салдарынан ба?

1830 жылдары стоматологияға сынапты алмальгама келместен бұрын, тісті тығындау үшін түрлі металлдар қолданылған еді. Олардың қатарында қорғасын, қалайы, күміс және де түрлі металл қорытпалары бар.

Лондон Университеттік колледжінің бейорганикалық химия саласының профессоры Андреа Селла тіс тығындалуына екі түрлі металл қолданылған жағдайда, ол электрохимиялық ұяшықтың пайда болуына алып келетінін айтады.

Яғни науқастың ауыз қуысы төмен вольтті батареяға айналады деуге де болады.

«Ауыз қуысында түрлі металлдардың көршілесуі себепті аяқасты электролиз процессі басталуы мүмкін. Өз басым, тісті сапасыз тығындау салдарынан тіс қуысының бір бөлігі дұрыс бітелмей, тіс ішінде сутек жиналуына алып келеді деген түсініктемені құп көремін»,- дейді Андреа Селла.

Онсыз да әлсізденген тістің тіс ішіндегі қысым себепті жарылуы ықтимал.

Науқас шылым шеккен немесе темір тығын ауыз қуысында ұшқын шығарғаннан тұтанған жағдайда, сутектің жарылуы әбден мүмкін.

Өкінішке орай, жоғарыда аталған тізімдегі науқастарға тіс тығыны қойылғаны жайлы мәлімет жоқ.

Не де болса, жарылған тістердің құпиясы біз үшін әлі де жұмбақ болып қала бермек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар