Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 14:25

Күтпеген жағдайды тісіңіз ауырып, мазалап жататын кездер болып жатады. Тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр.

BotbrNeNvN4

1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз.

2.Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз.

3.Тіс ауруынан құтылуға бас бармақ пен сұқ саусақтың сүйектері кездесетін жерге массаж жасау көмектеседі. Массажды тіс ауру аймағына қарама-қарсы саусақпен жасаймыз. Әрекетті 5-10 минут сайын жасап тұру керек.

4.Ауруды жеңілдетуге белгілі бір нүктеге массаж жасау көмектеседі. Жоғарғы еріннің үстіндегі нүктені тауып, бірқалыпты массаж жасау арқылы ауруды басуға болады болады.

5.Ауруды бәсеңдетуге орамалға қапталған мұз кесектерін бетіңізге басу көмектеседі.

6.5-6 тамшы йод пен 1 қасық тұзды алып, оны 1 стақан суда ерітіп, ауру тісіңізді шайыңыз.

7.Ауруға қарсы көмекшілердің бірі – шүйгіншөп тұнбасы мен камфор спирті. Осы тұнбалардың біріне шайылған мақтаны тісіңізге бассаңыз ауруды тежейді.

Әрине, тісіміздің саулығын күтіп, тіс дәрігерінің қабылдауында жиі болуымыз керек. Алайда ауру айтып келмейді ғой? Сондай кезде сіз енді не істеу керектігін білесіз.

Жіберіп алмаңыз:

Стоматологияның ашылмаған құпиялары: жарылатын тістер

АҚШ-та әйел 16 тісін жұлдырғаннан кейін қайтыс болды

Ғалымдар акуланың тісін зерттей келе адам тісін қайта өсіретін технологияны іске асырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Амирхан says:

    Шынымды айтсам мен 8-ші классты оқып жургенде тісім ауырып дос баламның ақыл кеңесін алғанмын сондағы тіске тұз бас деген соны тісім ауырған сайын басып кейде кетанов ішіп дегенди кəзір арада бірталай жылдар өтті тісімнің ауырғаны осы аралықта болған емес сол негізі тұздыңда пайдасы мол сізге қосыламын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар