Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта тағы бір қазақстандық суға батып кетті – СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта тағы бір қазақстандықтың қайтыс болғанын айтты. Сөзінше ол 3 маусым суға батып кеткен,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айбек Смадияров екі азаматтың денесін елге жеткізу бойынша келссөз жүргізіліп жатқанына тоқталды. 

“Кеше кешкісін бір азаматымыз қайтыс болды. Тай дәрігерлер барын салғанымен оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Біздің азаматтарымызға айтарым бір нәрсе ғана – жергілікті билік суға түспеу туралы хабарлама берсе, сол ережелерді сақтау қажет. Өйткені 3 маусым күні тура сол жағажайда тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді. Екеуінің де мүрдесі Қазақстанға жеткізіледі. Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және мүрдені жеткізетін өзге де компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз", – деді ресми өкіл. 

Еске салайық, бұған дейін қалыңдығын құтқарамын деп суға түскен қазақстандықтың ауруханаға түсіп, кейін көз жұмғанын жазған едік.

Талқылау