Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәтті тоқаштан тышқан шыққан": Нұр-Cұлтан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті түсіндірді

Нұр-Сұлтандағы медициналық орталықтардың бірінің науқасы тамақтың ішінен тышқанның денесін байқап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол тамақты суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Айтуынша, балаға арналған тәтті тоқаштан жағымсыз нәрсе табылған. Оқиға Ұлттық балаларды оңалту орталығында болған. Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Тексеру барысында ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді шығаратын цех өз жұмысын бастағаны туралы хабарламай жүргізетіні, бірқатар санитарлық ережелер талаптарын, оның ішінде тамақ өнімдерінің технологиялық процесіне қатысты бұзушылықтарға жол берілгені анықталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Анықталған заң бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісі 425-баптың 1-бөлігімен 352 245 теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасы, материалдары сотқа ұсынылып, санитарлық ұйғарым шығарылды.

Сондай-ақ департамент өндірілетін өнімге берілген сәйкестік декларациясының негізділігін анықтау және оның күшін жою мәселесін қарау мақсатында Сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне хат жолдады.

Департамент бизнесті аутсорсингтік компаниялар мен азық-түлік жеткізушілерін мұқият таңдауға шақырады. 

Дана Русланқызы
Жұма, 25 Наурыз, 2022 21:16
Талқылау