Әкімдік Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды өтінді
Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарына үйлерінен шықпауды және терезеге жақындамауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, өрт ошағын жою әлі де жалғасуда. Өрттің шығу себептері анықталуда.
"Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Бұл объектінің жанында қазіргі уақытта эвакуацияланған Байзақ ауданының Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері орналасқан. Тараз қаласының тұрғындарынан үйлерінен шықпауды және терезеге жақындамауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
- Адамдарды жедел көшіруде: Жамбыл облысында болған ТЖ туралы не белгілі?
- Жарылыстан зардап шеккен 32 адам Тараздағы ауруханаға түсті
Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру автокөліктеріндегі бөлімнің өрт сөндіру бригадалары жұмылдырылғаны айтылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетуде.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт орын алған. Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылған.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
