Тарақаннан құтылмақ болған қыз көршісінің өмірін қиды
Фото: istockphoto.com
Оңтүстік Кореяның Осан қаласында тарақандардан құтылмақ болған қыздың әрекеті көршісінің өліміне себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RMF24 порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыз әлеуметтік желіден тарақандарды жоюдың "тиімді әдісін" көріп, оны қолдануға бел буған. Үйінде жәндікті байқап қалған сәтте ол отттық пен жанғыш спрей баллонын пайдаланып, тарақанды өртеген.
Алайда жалын лезде қабырғаларға тарап, пәтерде өрт басталған.
Өрт кезінде көршісі терезе арқылы қашпақ болған, бірақ биіктен құлап көз жұмған. Қазір қызға қатысты абайсызда адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Ыстамбұл тұрғыны 10 жыл бойы мысықтарға алимент төлейтінін жазған болатынбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген