Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тапаншамен сес көрсетті": Алматы метросында екі ер адам жасөспірімдерді соққыға жыққан

Алматыда метро станцияларының бірінде екі ер адам үш жасөспірімді соққыға жыққан. Жанжал барысында ер адамдардың бірі тапанша алып шығып, сес көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

төбелес

Оқиға куәгері әлеуметтік желіде жазба жариялап, ер адамдардың суретімен бөліскен. 

"Жұмыстан қайтып келе жатқанмын. Екі ер адам мектеп оқушыларын соққыға жқты. Олардың бірі тапанша алып шығып, сес көрсете бастады", - деп жазды ол. 

Метро станциясында орын алған оқиға қатысты полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов жауап беріп, күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. 

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жанжал нәтижесінде 20 жастағы жігіт жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. 

"Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыластарын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядағылар.  

Талқылау