Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 есе жоғары бағаны ұсынған: ШҚО-да Антикор 700 миллион теңге шығынның алдын алды

Шығыс Қазақстанда жемқорлыққа қарсы қызмет негізсіз шығынның алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменде білім басқармасының өкілдері интернетке 303 миллион теңге бөлмек болған. Мамандар бұл сома қызметтердің нақты бағасынан 100 есе жоғары екенін дәлелдеді. Ал университеттердің бірінде 145 миллионға кітап алмақ болған. Ал оның құны – небәрі алты мың теңге.

Сонымен қатар облыстық полицейлер бағасы 250 миллион теңгелік жаңа форманы кигізбек болды. Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі жалпы алғанда 700 миллионнан астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.

“Біздің қызметкерлер күн сайын мониторинг жүргізеді, сонымен қатар қоғам белсенділері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерді тартады. "Өркен" оқу орталығында осындай дерек анықталды. Бұл 300 миллион теңге ұрланды деген сөз емес, алайда мұндай асыра көрсетудің салдары үлкен”, – деп мәлімдеді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Денис Шәкенов.

Талқылау