Семейдегі мектептердің бірінде сабақ кезінде төбедегі сылақ опырылып түсті
Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағының бір бөлігі опырылып түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық білім бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Instagram / semey_city_
Оқиға 30 сәуір күні 10:20-да болған.
“Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады білім бөлімі.
Олар сылақ опырылған жерде жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді.
Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.
Айта кетейік, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Ол биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын ескертті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады