Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал саясаткер қазақша сөйлеп ұятқа қалғандарды қолдауға шықырды

Танымал саясаткер Расул Жұмалы президент тапсырмасынан кейін қазақша сөйлей бастаған министрлер мен төрағалар туралы пікірін білдірді. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, ҚР президенті Назарбаев бұдан былай парламент пен үкіметтің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін тапсырған болатын.

Келесі күні қазақша сайрап елді қуантқан үкіметтен кейін парламент отырысында депутаттардың сұрағына қазақша жауап бермек болған министрлер күлкіге қалды.

Тіпті, мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских қойған қазақша сұрақ Ұлттық Банк төрағасы Ақышевты ұятқа қалдырды. Барынша қазақша сөйлеп, жауап бергісі келген төрағаның не айтып тұрғанын ешкім түсінбеген еді.

Төрағаның әрекетін сынға алғандар көп. Дегенмен, қолдағандар қатарында саясаткер Расул Жұмалы да бар. Оның айтуынша, мемлекеттік тілді сөйлеуге тырысқандарға қолду білдіру керек.

“Біле тұра қазақша сөйлеуден тартынған шендіден нашар білсе де қазақша сөйлеуге ден қойған шенді он есе артық. Сондықтан біріншілерді (өткендегі Шымкент әкімі сынды) жөнге салу, ал екіншілерді (Ұлттық банк төрағасы сынды) керісінше демеп ынталандырған абзал”, – деп жазды саясаткер.

Осы оқиғадан кейін көпшілік олардың әрекетін сорақылыққа санап, сын астына алып жатыр. Саясаткер Дос Көшім де қазақша сөйлеген басшылардың әрекетін ұятқа балаған еді.

Тағы оқыңыз:

ҚР Энергетика вице-министрі мен қылмысқа қатысы бар бірнеше шенеунік ұсталды

Атырау облысында өрттен қаза болғандар саны 6-ға жетті 

Тоқаев: Жихадты насихаттайтын радикалды топ бүгінде зор саяси күшке айналды

Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды

 

Талқылау