Актер Шәріп Серік 5 тәулікке қамауға алынды
Бұрынғы сүйіктісіне қол көтерді деп айыпталған актер Шәріп Серік 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Бұл туралы актердің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оның айтуынша, сот Шәріп Серікті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің “отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер” бабы бойынша кінәлі деп таныған.
"Оны 5 тәулікке қамауға алды. Бұл шешім әділ болды ма, жоқ па – баға бермеймін", – делінген Әлия Бутееваның жазбасында.
Актердің қамауға алынғаны туралы ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі де растады.
Еске салсақ, бұған дейін танымал актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген еді. Артынша актердің өзі бұрынғы сүйіктісіне қол көтергенін мойындап, кешірім сұрады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген