Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Джордж Майкл көз жұмды

Белгілі британиялық әнші Джордж Майкл 54 жасқа келген шағында дүниеден өтті.

276569

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Әнші Оксфорлдшир графтығында өз үйінде бақилық болған. Оның өлімін жергілікті полиция да растады. Әзірге қазаның нақты себебі айтылған жоқ. Тек белгілісі полиция ешбір күдікті жағдайды байқамаған.

2011 жылы әнші пневмонияның ауыр түріне шалдыққан еді. Жасанды тыныс алу аппаратына жалғанып, дауысын жоғалтып алу қаупі де туындаған болатын. Алайда әнші сол жылы толыққанды аурудан айыққанын хабарлаған.

Ол 1963 жылы Лондонда туған. Музыка әлеміндегі қадамын 1980 жылы Wham дуэті құрамында бастап, одан соң жеке бағытта ән сала бастады. Жалпы алты музыкалық альбомын тыңдармандарына ұсынған.

Музыкалық мансабы барысында көптеген сыйлықтардың иегері атанды. Оның ішінде үш мәрте “Грээмми”, бес рет MTV иегері. Оның Symphonica деп аталатын соңғы альбомы 2014 жылы жарыққа шықты.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда қоңырау шалуға рұқсат сұраған ұры қымбат телефонды қолды қылды

Қазақстанда ата-анасы баласын аязда көшеге тастап, соңынан өртеп жіберген

Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады

Көпшілік Айгүл Иманбаеваны Баян Есентаевамен шатастырып алды (фото)

Талқылау