Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актриса Мәдина Оспан өзін "Төреғалидің тоқалы" дейтіндерге жауап берді

Көпшілікке "Q-елі", "Ұлы дала жанұясы" телехикаялары арқылы танылған жас актриса Мәдина Оспан “Қыздар-ай” бағдарламасында ел арасында жүрген қаңқу сөзге нүкте қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/ospanova.mm

“Ең қызығы менің күйеуімнің инициалы “ТТТ”. Оның көлігінің нөмірі де “ТТТ”. Ол мен түсірілім алаңынан өзі алып кететін. Сөйтсем түсірілімдегі адамдар мені Төреш ағаның өзі алып-кетіп жүр екен деп ойлапты. Бірде режиссердің көмекшісі менен: “Сені Төрештің өзі әкетіп жүр ме?” деп сұрайды. Мен: “Жоқ, мен развозкамен келемін, жігітім өзі алып кетеді” дедім. “Сол жігітің Төреш емес пе? Соның көлігімен кетіп жүрсің ғой” деді. Сосын мен оларға жігітімнің де көлінің нөмірі “ТТТ” екенін айтып, жағдайды түсіндірдім”, – дейді Мәдина.

Актриса басқа да әріптестері секілді жеке өмірін жария етпейді.

“Мен бұрыннан жеке өмірімді әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Ашық жазбаймын, көп сурет салмаймын. Бірақ егер жазба жігітіме арналса, хештэгпен “Т”, “ТТ” деп жазып қоямын. Сөйтіп оқырмандар кино шыққаннан кейін менің парақшамды зерттеген ғой. Сол жазбаларды көріп бізді бұрыннан жүреді деп ойлаған. Сол кезде жеке өміріме кері әсер етті. Жігітіммен арамызда түсініспеушілік болды, ол қызғанды”, – дейді өнер иесі.

баннер

Талқылау