Талғат Мұсабаев бизнесмен Бақыт Ниязовты сотқа берді
Ғарышкер әрі парламент сенатының депутаты Талғат Мұсабаев кәсіпкер Бақыт Ниязовты сотқа берді. Ғарышкер кәсіпкерден моральді өтемақы есебінде 10 млн теңге талап етті.
Мұсабаев кәсіпкерді өзіне жала жапты деп айыптады. Істің шиеленісуіне Ниязовтің “Нұр Отанға” жазған хаты себеп болды. Бұған дейін Ниязов Мұсабаевты қысым жасады деп, қарындасы Гүлнәр Мұсабаеваны рейдерлік етті деп айыптаған, деп хабарлайды 31 арна.
Бақыт Ниязов 2013 жылы Алматының етегіндегі үй құрылысына 300 млн. теңге құяды. Жер иесінің Виктор Морозов пен Гүлнәр Мұсабаева екені белгілі болады.
Кәсіпкердің айтуынша, 2016 жылы олардың үлесін сатып алмақ болып, жеңілдік ретінде кешенде салынып жатқан бірнеше пәтерді ұсынады. Келсімге қол қойылғанымен Мұсабаевтың туыстары шешімді қайта қарап, 2 млн теңге талап етеді.
Былтырғы жылдың шілде айында Мұсабаев Алматы әкіміне хабарласып, Ниязовты жауапқа тартуды, оған тиесілі учаскені иемдену құқығынан айыруды сұрайды. Кәсіпкер оған қысым жасады деп “Нұр Отанға” хат жазады.
Мұсабаев бұған қатысты ешнәрсе білмейтінін айтқан еді. Тілшілерге жауап беруден бас тартты. Алғашқы сот отырысында төреші істі өзге аудандық сотқа жіберді.
“Мен тек “Нұр Отан” партиясының жетекшілігінен осы іске қатысты этикалық баға беруін сұрадым. Партия мүшесі, құрметті азаматтың Алматы әкіміне хабарласып, мені мүлікті иемдену құқығымнан айыруды сұрағаны қаншалықты этикаға жататынын білгім келді”, – дейді кәсіпкер Ниязов.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
