Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Құрманбаев "ҚазТрансОйл" компаниясының басшысы болып тағайындалды

Талғат Құрманбаев "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы компанияның баспасөз ққызметі мәлімдеді. 

"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Талғат Құрманбаев 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды", – делінген хабарламада.

Талғат Құрманбаев бұған дейін энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Ол 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университетін бітірген. 2000 жылдан бастап мұнай саласында жұмыс істей бастады.

"ҚазТрансОйл" АҚ тасымалдау жөніндегі атқарушы директоры, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС бас директоры, энергетика министрлігі мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары болды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Ақпан, 2022 18:16
Талқылау