Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұйық сабын, тұз, ақша керек болған: Павлодар тұрғыны 848 мың теңгеге "көз тиюден емделді"

89 жастағы зейнеткер теледидардан аурудан жазылуға көмектесетін адамдардың хабарландыруын көріп, опық жеп қалған. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мойны ауырған Павлодар тұрғыны теледидардан "Көз тиюден құтыл" деген хабарламаны көріп, көрсетілген нөмірге хабарласқан. Телефоннан оған кездесетін уақыт пен жерді айтқан. Ол Галина және Мария есімді екі әйелмен кездескен. Екеуі зейнеткерді сөздеріне сендіру мақсатында емдеп жазған адамдарының суреттерін көрсеткен. 

Марияның сөзінше, көз тиюден құтылып, емделу үшін сұйық сабын, тұз, құлып және ақша керек екен. Ер адам оның осы айтқандарына сеніп келесі күні жоғарыда аталған заттарды және 848 мың теңгені алып келген. Мария атаны көз тиюден емдедім деумен, алдап кеткен. 

Арада уақыт өткеннен кейін атаның мойны қайтадан ауыра бастайды. Ол полицияның көмегіне жүгінуді жөн көреді. 

Сол күні полицияға 28 жастағы Ақсу тұрғынына шағымданып, 52 жастағы әйел келеді. Ер адам 6 маусым күні әйелді алдап, 140 мың теңгесін алып қойған. 

"Екі жағдайда алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары, тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Полицияның мәліметінше, алты айдың ішінде аймақта 515 алаяқтық фактісі тіркелген. 

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда колония мен түрме қызметкерлерінің жалақысы артады

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері (БМЖ) жалақыны көтеруді жоспарлап отыр

«Аралтұз» АҚ тұз құрамында әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды
Çàãðóçêà...