Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Светлана Тихановская Беларусьтен кетіп қалды

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская Литвада. Бұл туралы Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Светлана Тихановская қауіпсіз жерде, ол Литвада", - деп жазды Линкявичюс Twitter-де.

Бұған дейін Светлана Тихановскаяның республиканың ОСК ғимаратында ұсталғаны туралы қапарат тараған еді. 

Беларусьтің мемлекеттік қауіпсіздің комитеті Тихановскаяға қастандық жасалғанын, оның алдын алғанын хабарлады. Ведомствода оппозицияның біріккен штабынан Тихановскаяның өміріне қауіп-қатері төнгені туралы хабарламалар алғанын атап өтті. 

9 тамызда жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, көшпелі дауыс беру кезінде жарияланған сайлау нәтижелерімен келіспейтіндер наразылық акцияларын бастады.

ОСК-нің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, Беларуссияның қазіргі көшбасшысы Александр Лукашенко өткен сайлауда 80,08 пайыз дауыс жинады, Тихановская – 10,09 пайыз.

Дегенмен, Светлана Тихановская президенттік сайлауда жеңілгенін мойындаудан бас тартты, ал оның штаб-пәтері президент сайлауының ресми нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. Олар республиканың барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінен алынған мәліметтер бойынша Тихановская 70-80 пайызға жинағанына сенімді.

Сонымен қатар, Светлана Тихановская жоғарғы мемлекеттік лауазымға сайлау қорытындысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясына шағым берді.

Айта кетейік, 10 тамызда Беларусьте наразылықтар қайта басталды. 

Талқылау