"Сүйіскендерің тарихта қалмайды": Айқын мен Жұлдыздың Париждегі фотосы қызу талқыға түсті
Танымал жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің фотосы сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иелері Еуропаны аралап, Парижде жүрген видеоларын жүктеді.
“Бұл Брежнев (КСРО) мен Хоннекердің (ГДР) сүйіскен сәті. Тарихи сәт. Берлин қабырғасына салынған тарихи сурет. Тарихты білмейтіндер, сіздерге ұят!" – деп жазды әнші.
-
"Тұрмыс құруына рұқсат бердім": Айқын Төлепберген бірінші әйеліне қатысты пікір білдірді
-
"Шашыма ақ түсті": Жұлдыз Өмірғали жолдасы Айқын Төлепбергеннің қызғаншақ екенін жасырмады
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі жұпты сынның астына алды.
“Ораза біткенше шыдауға болатын еді”, “Қуып кеткен сияқты", "Ел алдында жүрген әртістер осындайды салып жатса, басқаларынан не сұрайсың?!", "Тірі масқара болыпты ғой", "Ұяттау сияқты" “Бірақ сіздер Брежнев пен Хоннекер емессіздер ғой. Сіздердің сүйіскендеріңіз тарихта қалмайды. Бұл сурет өз тарихтарыңызда қалуы керек”, – деп жазды желідегілер.
Еске салайық, "Үлкен ұлы жылап тұр" деп Айқын мен Жұлдыздың жаңа бейнебаяны қызу талқыға түскен еді.