Суретке «екі саусақты шошайтып» түсудің мағынасын білесіз бе?
Желі қолданушылары арасында екі саусақты шошайтып суретке түсудің мағынасына байланысты дау туды. Түрлі елдер мен адамдар арасында осы бір сәнге айналған әдетке қатысты пікірлер де көп екен.
«Маған осының не екенін түсіндіретін жан бар ма? Суретке түссе үлкен де, кіші де осылай (саусағыншошайтып) тұрғаны. Менің білуім бойынша бұл «сенің мүйізің бар малсың, себебі сенің қатының жүріс жасайды деген белгі»,-дейді Абдірейім Өмірөв есімді азамат.
Міне осы жазбадан кейін осы бір әдеттің мағынасына ондаған пікір айтылды. Суретке саусақ көтеріп түсудің мағыналары:
« Бұл-V әрпінің белгісі. Бұл үрдіс Еуропадан келген. Мағынасы: жеңіс. Victory – жеңіс Яғни бәрі жақсы, жеңдік, көңіл жайында дегенді білдіреді»,-деп жазған Руслан Қамбаров есімді азамат.
«Алла екеу дегенді білдіреді. Мұны Исламға қарсылар ойлап шығарған»,-дейді Ғабит Нұрханұлы деген желі қолданушысы.
«Бұл мен үшін өте жаман көрініс. Ванга бұны ібілістің қос құлағы деп түсіндірген»,-дейді Диана Оспанова.
«Еуропалықтар мұны «менің де пікірім бар» деген мағынада қолданады. Қысқа мерзімді сабақ алып жүрген кезімде «қос саусақтарыңды көтеріп, сұрақтарыңды немесе жауаптарыңды айтыңдар» дейтін. Сондықтан бұдан артық астар іздемеген дұрыс шығар»,-дейді Жүсіпбек Тілеубергенов.
«Меніңше суретке түскен кезде қолды қайда жібереріңді білмей қаласың. Сол кезде осылай шошайтып жымия қаласың. Мәселе шешілді, болды. Кез-келген дүниені жамандыққа жоруды қояйықшы»,-деген тағы бір желі қолданушысы.
«Осы жерде біраз пікір жазылыпты , жеңіс , менің де айтарым бар,преси-мир т.б. деген.Біреуінің де суретке түсуге қатысы жоқ.Бұл баяғыда басталған нəрсе.
Жастар суретке түсейін деп жатқанда артындағылар алдыңғының басына мүйіз етіп қоятын.Білсе қойдырмауға тырысатын.Ол сурет шыға қойса жыртылатын.Келе-келе ол нормаға айналды.Сонсыз үлкен де , кіші де түсе алмайтын болды.Ал мен үшін ол ақымақтық»,-дейді Абдрейім Өміров.
«Түріктер қолын осылай көтеріп түскен қызды дұрыс қабылдамайды. «Жаман, бұзылған қыз» деп қалуы әбден мүмкін екен»,-дейді Жанар Есенбекова.
«Ол шетелде. Бастысы Израилда шыккан еди…ал биздин СНГ еликтегиш ерме халык гой. Не теледидардан корсе соны адет етип кеңінен таратады.Бул массондардын белгиси.Доллардада тұрған пирамида мен коздің суретін көрсеңдер түсінікті»,-дейді тағы біржелі қолданушысы.
« Кейіннен “V” – Victoria – жеңіс мағанасын берген бұл ишараның тарихы мынадай: ағылшындар мен француздар арасындағы 100 жылдық соғыс (1337-1453жж.) кезінде, ағылшындардың ауыр садақшылары француздардың зәресін алған.
Олар сап құрып тұрып атқан жебе 400 метрге дейін жеткен екен. Және атқан оқтары да сауыт бұзар (көшпенділер тілінде “қандауыр”) жебе болған. Содан, ысылдап ұшатын жебеден әбден зәрезап болған француздар тұтқынға түскен ағылшын садақшысының адырна (тетива) тартатын екі саусағын шауып тастап отырған.
Ал соғыстан еліне аман қайтқан ағылшын садақшысы кемеден түскен бойда екі саусағын көрсетіп, тұтқынға түспей, аман-сау оралғанын сездірген. Кейіннен бұл ишара жеңіспен оралған әскердің символына айналды»,-деп түсіндірді танымал журналист Ермұрат Бапи.
Ал сіз қалай ойлайсыз? Сұқ саусағыңыз бер ортаңғы саусағыңызды көтеріп суретке түстіп көрдіңіз бе? Ұсынылған анықтамалардың қай нұсқасы дұрыс деп ойлайсыз?
Оқи отырыңыз:
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстанда жұмыс істеуді армандайды
Тоқтар Төлешовтің автокөліктері өз бағасынан 2 есе арзанға сатылмақ
Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)
Алматыда жаңа үйдің қабырғасы опырылып көлік үстіне құлады (видео)