Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтің автокөліктері өз бағасынан 2 есе арзанға сатылмақ

«Сыра патшасы» атанған Тоқтар Төлешовтің сатылымға шығарылған автокөліктері сол күйі өз иелерін тапқан жоқ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаменті сауда-саттық өткізілмеді деп жария етті.

2f4728189c1d14dc81dd50d19f9568e2

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, 8 тамыз күні Тоқтар Төлешовтің автокөліктері қойылған сатылым өтуі керек болатын. Саудаға шығарылған көліктердің арасындағы ең қымбаты – 2005 жылы шыққан Rolls-Royce Phantom автокөлігінің бағасы 40 миллион теңгеден асып түсті.

«Сауданың реті бойынша, алдымен біз мүлікті осындай көліктерді қажет ететін мемлекеттік мекемелерге ұсынамыз. Олар көлікті тегін алады. Осылайша бюджеттің ақшасы үнемделеді. Бұл ретте Төлешовтің 22 көлігінің алтауының құқықтық мекемелерге берілгенін айта кетейік. 5 автокөлікке ешкім сұраныс жасамады, сондықтан біз оларды 15 күн бойы сатылымда ұстадық», – деп түсіндірді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаментінің мүліктер бойынша жұмыс бөлімінің жетекшісі Ғалым Қасымбеков.

Алғашқы аукцион өткізілмеді деп танылғандықтан, саудаға шығарылған автокөліктердің құны 50%-ға дейін төмендейді.

Бұл дегеніңіз, небәрі бірнеше аптадан кейін «сыра патшасының» қызына тиесілі болған Bentley Continental автокөлігін 13 емес, небәрі 6,5 млн теңгеге алуға болады. Ол кезде де алушылар табылмаса, арнайы комиссия мүліктің бағасын тағы 50%-ға төмендетеді.

Ал сауда-сатыққа кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Тіпті, абақтыда отырғанына қарамастан Төлешовтің өзі немесе туыстары көлікті сатып ала алады.

Олигархтың тәркіленген өзге мүлкіне келсек (пәтерлер, жеке жайлар мен жерлер), оның тағдырын Шымкент экономика бөлімі шешетін болады.

Дәл автокөліктер сияқты, мүліктің бұл түрлері де бюджеттік мекемелерге берілуі немесе бағасы арзандауы мүмкін.

Ирина Галушко

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)

Жәнібек хан жерленуі мүмкін деген жерде қазба жұмыстары тоқтап қалды

Қара жігіт домбыра тартып, «Алғашқы махаббат» әнін орындады (видео)

Түріктің танымал әншісі Бурай қазақстандық тыңдармандарына тосынсый жасады (фото, видео)

Талқылау