Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек хан жерленуі мүмкін деген жерде қазба жұмыстары тоқтап қалды

Қаржы тапшылығының салдарынан, Қазақ хандығының негізін қалаған хан жерленген болуы мүмкін деген жерде қазба жұмыстары тоқтап қалды.

a7641261a05e0f82fe5004a95e3b91b1

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

Бұл жерде сөз Ақмола облысындағы ең құпиялы археологиялық нысан жайында болып отыр. Бұл – Қорғалжың ауданынан табылған айтулы қайраткердің мазары.

Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдуллинаның айтуынша, барлығы аңшылардың жапан даладан ежелгі көркемқыш плитка тауып алуынан басталған. Бұдан кейін олар табыстарын астаналық археологтарға табыстаған. Олжа табылған орынға арнайы экспедиция жөнелтіліп, XV ғасырға тиесілі мазар тауып алған.

Қазба жұмыстары кезінде мазардың ішкі бөлігінің күйдірілген кірпіштен қаланғаны, ал жоғарғы жағының аспан түстес көк көркемқышпен көмкерілгені анықталды. Ғалымдар мазар Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханға тиесілі деген байламға келді. Алайда қаржы мен арнайы құрылғылардың тапшылығанан қазба жұмыстары осы жерден тоқтап қалған-ды.

«Сағанаға кіретін басқа есіктің болуы ғажап емес. Тимуридтер дәуірінде солай жасалатын», – дейді Марал Хабдуллина.

Қорғалжың ауданында әлі күнге дейін Керей, Жәнібек-Шалқар және Сұлтан келді сияқты хандардың топонимдерінің сақталғанын еске сала кетейік. Бұл аты аталған тұлғалардың бір дәуірде – яғни Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүргенін дәлелдейді.

Нұржан Баймулдин

Жіберіп алмаңыз:

Атырау тұрғыны қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде танытқан ерлігі үшін марапатталмақ

Әскери қызметкер жоғалып кеткен сәбиді Алматы жолында құтқарып қалды

2017 жылғы ең танымал мамандықтар тізімі жарияланды

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Талқылау