Әскери қызметкер жоғалып кеткен сәбиді Алматы жолында құтқарып қалды

Жұма, 11 Тамыз , 2017 8:36

Ефрейтор Данияр Эшайдаров жоғалып кеткен 2 жасар сәбиді бір ажалдан аман алып қалды. Ол көлік дөңгелегінің астында қала жаздаған сәбиді тез арада қауіпсіз жерге шығарып алған.

img_3952_15239_322x232

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтында хабарланды.

Бұл күні Данияр Эшайдаров 12881 әскери бөлімінің тексеру-өткізу пунктінде қызметте тұрды. Кенет оның бөлімге қарсы бетте жалғыз жүрген 2 жасар сәбиге көзі түседі. Бүлдіршіннің қасынан аса жоғары жылдамдықпен көліктер зырғып жатқан. Әскери қызметкер ойланбастан көмекке жүгіріп, бүлдіршінді құтқарған.

«Қорықтым, бірақ өзім үшін емес, бүлдіршін үшін қорықтым. Сол сәтте бір орында қатып қалмай, бір қадам алға не артқа басса, оны көлік басып кетуі мүмкін еді. Ондай жағдайда оған көмектесе алмас едім», – дейді ефрейтор Эшайдаров.

Ал бөлім командирі, подполковник Руслан Өтепов қарамағындағы ызметкердің ерлігі жайында сәбидің анасынан естіген. Жас әйел әскери қызметкерге алғысын айту үшін бөлімге келіпті.

Бұдан кейін генерал-майор Алмаз Жұмакеев Даниярды ерлігі мен батылдығы үшін алғыс хатпен марапаттап, барша әскерилерге үлгі етті.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

ЭКСПО: Астаналық таксиші бір күніде 30 мың теңге тапқан

Шымкент тұрғыны ұлының көгілдір болып кеткеніне өзін кінәлауда

Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар