Шымкент тұрғыны ұлының көгілдір болып кеткеніне өзін кінәлауда

Бейсенбі, 10 Тамыз , 2017 17:31

Шымкент тұрғыны өзінің басындағы қайғыны ешкімге айта алмай жүргенін, өзгелерге сабақ болатын жағдай екенін жазып  Stan.kz  сайтының поштасына салған. Жасы 50-ге жақындаған азамат бүгінде екінші мәрте құрған отбасымен тұрады екен.

әке

«Мен жасым 35-ке жақындаған кезде үш қызы бар әйелмен шаңырақ көтердім. Бұған дейін 20 жасымда құрған алғашқы  әйеліммен ажырастым. 10 жылдай жалғыз жүрдім. Бірінші әйелімді өзге еркектің қойнынан ұстап алғандықтан, алғашқы шаңырағым шайқалды.

Бір ұл, бір қызымды  тастап кетуге қимай ұзақ жүріп қалдым. Кетпесіме болмады. Әйеліме суып кеттім. Жақында ған өзімді кешіре алмастай күнә жасағанымды түсіндім. Суық хабарды естіген кезде  жүрегім ұстап, құлап қалдым»,-дейді  есімін жасыруды сұраған оқырманымыз.

Оның сөзінше отбасын тастап кеткеннен кейін әйелі сауда жасауды қолға алған. Ал мектеп қабырғасындағы екі баласын өз ағасының үйіне (нағашыларына) қалдырған.

«Балам сабақты өте жақсы оқыған. Оқушы кезінде үнемі кездесіп тұрдым. Керегін алып беріп, ұзақ әңгімеге тартушы едім. Қазір Университетте оқиды.

Өз білімінің арқасында  грантпен түсті. Оны мақтан тұтатынмын. Бірақ өзгелерге бірден көрінетін қызға тән қылықтары бар. Өзім оны анасына қамқоршы болып, үйдің үлкені болғаннан кейін қыздың жұмысын жиі істегендіктен деп ойлайтынмын. Бірақ, жұрттың күдігі рас болып шықты. Анасы қамалып шыққан ағасына тастап кеткен кезде, ол оқушы баламды үнемі  зорлап жүрген екен. Мұны ұлымның өзі айтты.

Мұндай ащы шындықты айтпайтын да еді. Өзім оны тәрбиелемек болып түрлі қысым жасадым. Сондай күндердің бірінде медицина мамандығы бойынша білім алып жүрген ұлым қолыма қағаз ұстатты. Онда  баламның басынан өткен жағдай жазылған екен. Содан бері оның өмірінің құртылғанына өзімді кінәлап келемін»,-дейді әкесі.

Ұлының шындығын білгеннен бері жарты жыл  уақыт өтіпті. Әкесінің сөзінше ұлы өзімен кездесуге ыңғайсызданып келмей кетіпті.

«Барлық кінә өзімде. Балаларымның болашағы үшін алғашқы отбасыма бұдан да жақын болуым керек еді. Балам үшін әйелімді кешіргенім дұрыс бол еді. Енді “оның болашағы қандай болады екен” деп алаңдап жүрмін. Мен ұлыма өкпелі емеспін.

Алдағы уақытта жолықсақ кешірім де сұрайтын едім. Тіпті  оны ұялытпау үшін түк білмейтін адамның кейпіне енетін едім. Себебі менде жалғыз ұл. Екінші отбасымда бала болмады. Қазір ойланып отырсам қызымның жағдайына алаңдай бастадым. Оның балалығы қалай өтті екен? Қуантатыны ол қазір тұрмыста, бала сүйіп отыр»,-деп аяқтаған сөзін Шымкент қаласының тұрғыны.

Ол барлық әкелерге балаларының болашағын ойласы балалық шағына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұрады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бүлдіршін халықаралық сұлулық және таланттылар байқауында топ жарды (фото, видео)

Пародист Despacito әнін Қайрат Нұртас пен Заттыбектің даусымен айтып шықты (видео)

1,5 ай бұрын көз жұмған «Иванушкидің» экс-солисі әлі күнге дейін жерленбеген

Димаш Бейжіңдегі жеке студиясын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар