Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1,5 ай бұрын көз жұмған «Иванушкидің» экс-солисі әлі күнге дейін жерленбеген

«Иванушки International” тобының экс-солисі Олег Яковлев әлі күнге дейін жерленбеген. БАҚ-та тараған бұл ақпаратты заңгер Петр Кучеренко растады.

b1652ce3-7140-48f6-8873-ae1a254770c0

Бұл туралы Uznayvse.ru хабарлады.

Әнші, бүгін, яғни 7 тамыз күні Троекуровск моласында жерленбек.

Айта кетейік, Олег Яковлев 29 маусым күні Мәскеу ауруханаларының бірінде көз жұмды. 47 жаста болған әншінің өкпесі қабынған, бұдан бөлек, бауыр циррозына шалдыққан.

Әртіспен қоштасу рәсімі 1 шілдеде өткен. Одан кейін, Яковлевтің денесі кремацияланған болатын.

Туыстары Яковлевті Мәскеудегі Ваганьков моласына жерлегісі келген екен.

«Алайда әншінің азаматтық некедегі жары Александра Куцевол ол жерден орын ала алмады», – деп хабарлады басылым.

Оқи отырыңыз:

Димаш Бейжіңдегі жеке студиясын көрсетті (видео)

Анна Седокованың қазақстандық әншіден бала босанып алғаны рас па?

Айқынның әке атанғаны рас па?

Ділназ Ахмадиева омырауын үлкейтпекші

Талқылау