Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева омырауын үлкейтпекші

Ділназ Ахмадиева омырауын үлкейткісі келетінін айтты. Бұл ретте әнші мұндай өзгеріске елдің не дейтінін білгісі келіп, тыңдармандарынан кеңес сұрады.

20590346_707793256073234_5645576296881717248_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жуырда 4-өлшемді силиконды кеуде жасаттым. Қалжың, әрине. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мен табиғи сұлулықтың жақтаушысымын. Дәрігерге барған күннің өзінде түр-әлпетімде ештеңе өзгермейді – тек маска, пилингтер жасатамын. Бірақ мұның бәрі тек мен жас, сұлу әрі қарапайым кезде. Шынымды айтсам, омырауды үлкейту туралы бұрыннан ойлап жүрмін. Сіздер не ойлайсыздар, айтыңыздаршы? Қолдайсыздар ма әлде қарсысыздар ма? Пікірлеріңізді білгім келеді», – деп жазды Ділназ.

Алайда желі оқырмандарының басым бөлігі әншінің ойын құптамады.

“Жоқ, жоқ және жоқ. Ол туралы мүлдем ойламаңыз”, “Онсыз да әдемісің, жасандылықтың қажеті не?”, “Денсаулығыңызды қауіпке тігіп қайтесіз”, “Дәл сізге оның еш қажеті жоқ, онсыз да мінсізсіз”, “Жоқ, онсыз да сұлусыз, күнәға батпаңыз”, – деп жауап берді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқапов: Елдің бәрі мені үйлендіргісі келеді

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)

Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім

5500 теңгеден бастап: Құралай Нұрқаділова арзан киімдер сата бастады

Талқылау