Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

Жұма, 11 Тамыз , 2017 7:33

Атырауда қарақшылық шабуыл жасап, жеке үйлердің бірінен 24 миллион теңге мен бағалы заттарды қолды еткендерге қатысты сот үкімі шықты. Мереке Мұхамбетов пен Ерболат Сәкетов 10 жарым жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

акшаны жерге комген

Бұл екеуіне “аса ірі көлемдегі қарақшылық шабуыл жасау” бабы бойынша айып тағылған болатын. Енді жазаларын қатаң тәртіптегі түрмеде өтемек.

Естеріңізге салсақ, Мереке Мұхамбетов пен Ерболат Сәкетов сәуір айында қала маңындағы “Рыбник” саяжайындағы жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасаған. Бетпердемен үйге кірген екеу қожайынның әпкесінің аяқ-қолын байлап, 24 миллион теңге мен жалпы құны 800 мың теңгеден асатын алтын бұйымдарды алып кетеді. Ақшаны екіге бөліп алып, қаша жөнелген ұрылардың біреуін сол маңда кетіп бара жатқан әскерилердің бірі ұстап, полицейлерге тапсырыпты. Ал қаражаттың екінші бөлігін иесіз аулалардың біріне тыққан екінші сыбайлас та оқиға болған күні ұсталған.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордада ер адам жеке үйді жарып жіберемін деп қоқаң лоққы жасады

Қостанайда жазасын өтеп келген азамат жасөспірімді зорлады

Ең аз баллға грант бөлінген мамандықтар анықталды

Шымкент тұрғыны ұлының көгілдір болып кеткеніне өзін кінәлауда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар