Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Үшқоңыр ауылында жұмбақ жағдайда бүтіндей бір отбасы жол апатына ұшырады. Жантүршігерлік жағдай тамыздың бесінен алтысына қараған түні орын алған. 31 жастағы азамат оқиға орынында тіл тартпай кетсе, жеті айлық сәби ауруханада көз жұмған.

31 арна жумбак олім

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қаскелең қаласынан тойдан шыққан жас жанұя Үшқоңырға кіре берісте белгісіз себептермен көліктерін тоқтатып, жол бойына шыққан. Ары қарайғы оқиға бәріне беймәлім. Түнгі екі жарым мен үштің арасында 31 жастағы Бақытжанның жаралы денесін “Мерседес” автокөлігі 22 метрге сүйреп әкеткен. Ал жары мен баласының денесін жолдың жиегінен тапқан.

«Мына шөптің үстінде жатқан екі адам. Қандай скорость пен соғу керек ол екі адам ұшып кету үшін. Кукла сияқты ұшып кеткен екеуі де», – дейді Б.Ақжігітовтың туған ағасы Нұрмұхан Ақжігітов.

Оған дейін оларды жүк көлігі қағып кетуі мүмкін деген болжам бар. Байқамай басып кеттім деген екінші жүргізуші Бақытжанды соқпадым, ол оған дейін жолда жатқан  деп туыстарынан кешірім де сұрапты.

«Әркім әр жақта, жолдың жанында шашылып жатқан. Ініміз жолдың бойында қалған. Біреу соғып кеткенге ұқсайды. Екінші адам көрмей басып кеттім дейді, басқаннан кейін тоқтап машинасынан шығып қараса, дөңгелектің астында адам жатыр екен деп өзі айтқан», – дейді Нұрмұхан Ақжігітов.

Жедел жәрдем келгенше көз жұмған Бақытжан көп қан жоғалтқан екен. 7 айлық Дәулет ауруханада жан тапсырыпты. Ал комада жатқан Әйгерімнің хәлі мүшкіл. Қаскелеңдегі қалалық ауруханада емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күйеу баласы мен немересінен бір ақ күнде айырылып қалған Кенжегүл қабір басына күнде келеді. Оның ендігі арманы екі төмпешік болып қалған ең жақын адамдарының өмірін қиған жүргізушіні тауып, заң алдында жауапқа тарту.

«Әлі өзіне келген жоқ, бірақ үміттенемін. Алла Тағалам енді осы балапаны мен жолдасының қалған ғұмырын қызыма берсін», – дейді А.Жұмамұратованың анасы Кенжегүл Мұратбаева.

Жауабынан сұрағы көп оқиғамен Алматы облысының ІІД айналысуда. Бұл істің мән – жайын әлі де анықтап жатырмыз, кінәлі жауапсыз қалмайды деп отыр.

Сол маңда орналасқан мейрамхананың бейнебақылау камерасына дәл сол кезде жолдан ерсілі-қарсылы өткен 100-ге жуық көлік тіркелген. Алайда көрдім-білдім деген бір адам жоқ.

Оқи отырыңыз:

 Атырауда ұрлаған ақшаларын жерге тыққан жігіттер ұзақ мерзімге сотталды

Алматылықтар қатерлі ісікпен күресіп жүрген қыздың арманын орындады (фото)

Қостанайда жазасын өтеп келген азамат жасөспірімді зорлады

Ұшақ апатында қайтыс болған жігіттің әйелі бір айдан кейін босанғалы отыр

Талқылау