Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғыны қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде танытқан ерлігі үшін марапатталмақ

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарақшылық шабуыл жасаған екі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

12990990_552861758228468_3210988049124934787_n

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар М. және С.  «Оса» тапаншасымен қаруланып, беттеріне бет-перде киіп жеке меншік үйге баса-көктеп кіріп келеді. Сөйтіп үй ішіндегі 59 жастағы әйел адамның қол-аяғын байлап, тапаншамен қорқытып, үйдегі 23 030 965 теңге ақшаны және жалпы құны 870 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарды алып, оқиға болған жерден бой тасалайды.

Дауыстап көмек шақырған жәбірленушінің дауысын естіген көршісі қарақшылардың соңынан көлігімен қуады. Содан қолында тапаншасы бар сотталушы С.-ны ұстап алып, оны жақын маңда өтіп бара жатқан әскери бөлімнің қызметшілеріне тапсырады. Ал қашып кеткен екінші сотталушы, жолда алтын бұйымдар мен 18 990 965 теңгені жерге түсіріп алады.

Бірақ ол да көп ұзамай полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот сотталушыларды Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі, 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық) кінәлі деп таныды. Үкім бойынша сотталушы С.  10 жылға, ал сыбайласы М.-ның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануына байланысты 10 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ, олардың дүние-мүлкі тәркіленді. Жәбірленушінің пайдасына сотталушылардан келтірілген шығын өндірілді.

Сонымен қатар, сот қарақшыларды құрықтау кезінде ерлік көрсетіп, батылдық танытқан жәбірленушінің көршісін марапатқа ұсыну туралы Атырау қалалық әкімі мен Атырау облыстық ІІД-не бастығының атына жекеше қаулы шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Әскери қызметкер жоғалып кеткен сәбиді Алматы жолында құтқарып қалды

Астанада ұстаздардан ақша жинап, қысым көрсеткен мектеп директоры орнынан кетіп тынды

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

Алматылықтар қатерлі ісікпен күресіп жүрген қыздың арманын орындады (фото)

Талқылау