Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстанда жұмыс істеуді армандайды

Жұма, 11 Тамыз , 2017 12:26

Рүстемді бір айлық кезінде америкалық отбасы асырап алған. Отанынан шалғайда өмір сүрген қазақ баласының тағдыры киноға арқау болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170811095648

Рүстем Қанат Бейсекеевтің «Бала» фильмінің кейіпкері. Ол 19 жыл Америкада өмір сүрді.

Рүстем ер жеткен соң Отанына оралуды жөн санайды. Ол 1998 жылдың 27 наурызында өмірге келген. Кіндік қаны тамған жер – Көкшетау.

Рүстем Америкада тұратын қазақ балалардан Қазақстан жайлы, қазақ мәдениеті мен дәстүрі жайлы сұрастырған.

«Қазақстанға баратын кезімде АҚШ-тағы танитын қазақ азаматтарын жинап алдым. Олардан Қазақстанның ерекшеліктерін, дәстүрін, қоғамдық ұстанымы туралы білдім. Дегенмен соның өзінде мені көп нәрсе таң қалдырды. 1998 жылғы Көкшетау қаласы туралы әке-шешем айтқан еді. Ол уақыттан бері талай дүние өзгергенін де білемін. Алайда, мен тіпті Астана мен Алматыда да прогресс пен кемшіліктер бар екеніне ойша дайын болдым», – деді Рүстем.

20170811095636

Бозбала Алматыда өзін нағыз қазақ екендігін сезінгенін айтты.

«Адамдардың бәрі ақжарқын. Мен мұнда соңғы рет шақалақ күнімде болсам да маған Қазақстан туған үйім сияқты. Өзім қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын»,- деді Рүстем.

Ол Алматыға келіп өзін нағыз қазақ ретінде сезінгенін айтады. Өзі қазақ-орыс тілдерінде еркін сөйлей алмайды. Адамдармен ым-ишара арқылы сөйлеседі. 15-16 жасында туған анасымен кездесуді ұйғарады. Алайда анасының туыстары оны жақын тарта қоймапты.

«Туғандарым салқын қабылдаса да оларды іздегеніме бір сәт те өкінбеймін. Ерте ме, кеш пе бұл қадамды жасауым керек болатын еді. Осындай тәжірибе адамды ширатады. Мен бұл жайтты жүрегіммен қабылдай аламын. Сондай жасқа жеттім»,- деді Рүстем.

«Маған Алматыдан гөрі Астана қатты ұнады. Заманауи сәулет іздері бар өсіп келе жатқан қала екен. Менің көптеген достарым мен таныстарым Астанада тұрады. Олар бірақ Астанаға деген махаббатыңның шынайылығын тексергің келсе, қыста кел деді», – деп күлді Рүстем.

Рүстем Алматы мен Астананы аралап, Ғалымжан Молданазардың концертін тамашалаған. ЭКСПО-ны аралап қазақ мәдениетін танып білген.

Рүстем-Джордан қазір Америкалық-қазақ қатынастар мамандығында оқып жатыр. Оқуына тәмамдаған соң туған жеріне қызмет еткісі келеді.

«Мен мансабымды Қазақстанмен байланыстырғым келеді. Қазақстанды танып-білгелі бері бизнесте болсын, үкіметтік деңгейде болсын көмегімді тигізгім келеді. Қай салада жетістікке қол жеткіземін, сол салада пайдалы болғым келеді. Шамалы уақыт Қазақстанда тұрсам деп те ойлаймын», – деді Рүстем-Джордан.

Тағы да оқыңыз:

Тоқтар Төлешовтің автокөліктері өз бағасынан 2 есе арзанға сатылмақ

Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)

Алматыда жаңа үйдің қабырғасы опырылып көлік үстіне құлады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сорлы қазақ туғанын менсінбейтін. зато амрикандыктар асырап кандай бала кылып багып отыр. казак десен озіне тиеді. әттең ішің ашиды. жарайсың Рустем, армандарыңа жете бер

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар