AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Судың литрі 120 теңге тұрады": Алматылық тұрғындар 20 күн бойы ауыз сусыз отырғандарына шағымданды

Алматы облысы Іле ауданындағы "Береке" саяжайының тұрғындары 20 күн бойы сусыз отыр. Ауыз судан тарыққан тұрғындар тіршілік көзін сатып алуға мәжбүрміз деп шағымданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

ауыз су маселе

Саяжай маңындағы тұрғындардың ауыз судан тарығуы бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ал қазіргі ағып жатқан су құм мен балшық аралас дейді олар. Екі мың адам үшін қазір судың әрбір тамшысы алтынмен тең. Егер бұған дейін араға үзіліс салып беріліп тұрған болса, ал 20 күн бұрын толығымен өшірілген. Енді тұрғындар суды өздерінің құдығы бар көршілерінен сұрауға немесе бірнеше сағаттық жолды артқа тастап қалаға баруға мәжбүр.

"Ауыз суды сатып алып отырмыз. 3 литр судың бағасы 360 теңге. Менің отбасым 7 адамнан тұрады. Енді есептеңіз, күніне жәй су ішу үшін 6 бөтелке қажет. Отбасында 5-7 адамнан тұратын кез келген қарапайым отбасы қара сусыз бір күн өмір сүре ала ма?", - дейді "Береке" саяжайының тұрғыны Ләззат Нұрғасинова.

Үйлерге су құдықтан келуі қажет болған. Ол осыдан 19 жыл бұрын салынған. Сумен қамтамасыз етуге жауапты жеке кәсіпкер Серік Бейсенов ауыз су мәселесінде біршама кедергілер бар екенін мойындайды. Енді ол геофизикалық зонд көмегімен зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Ол осылайша ауыз су мәселесінің шешімін табатынына үмітті.



"Барлық зерттеу нәтижелері анық болуы үшін су кем дегенде бір апта тұнуы керек. Осы себепті де біз суды өшіріп қойдық. Құдықтың тереңдігі 362 метрді құрайды. Әр метр үшін менің мамандарға бір жарым мың теңге төлеуім қажет", - деп түсіндіреді жеке кәсіпкер Серік Бейсенов.

Алайда жергілікті тұрғындардың мәселесі тек ауыз суда ғана емес. Мұнда электр жарығы да өшіп-жанып тұрады. Саяжай массивінің төрағасы мұның бәріне мән бермейді, дейді жиылған халық. Ал жергілікті билік бұл мәселені бірінші рет естіп тұрмыз деп ақталады.

"Мен осында, дәл "Береке" саяжай кооперативінде су, жарық мәселесі бар дегенді бұрын-соңды естімеппін. Енді барлық жәйтті төрағамен бірге пысықтайтын боламыз. Егер төраға шынымен де өз тұрғындарына көмектескісі келсе және бізбен ынтымақтастыққа дайын болса, онда ешқандай сұраққа орын жоқ. Біз де өз тарапымыздан кейбір құжаттарды рәсімдеу секілді әрекеттермен көмектесеміз", - дейді Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев.

Аталған саяжай төрағасының көмекшісі Нұржан Ибрагимов су мәселесі 10 күннің ішінде шешіледі деп уәде берді. Ал бұл уәде орындалғанша тұрғындардың күтуден басқа лажы болмай тұр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр