AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға "несиеден құтылуды" ұсынған: Алаяқтықтың жаңа түрі жайлы тұрғындарға ескерту жасалды

Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа түрі шыққаны жайлы ескертпе жасалды. Алаяқтар әлеуметтік желі арқылы несиені және өзге де қарыздарды өшіріп беруге ұсыныс жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алаяқтар

"Finance.kz" Telegram-арнасында тараған хабарламада несиені "өшіру" қызметін Instagram парақшалардың бірі ұсынғаны айтылады. Олар кез келген қарыз түрін өшіріп, несие тарихын қайта қалпына келтіре алатынын жазған. 

"Біздің барлық қаржы ұйымдарымен байланысымыз бар. Біздің мамандар деректерге қол жеткізіп, біз көрсеткен параметрлер бойынша несиелерді өшіретін арнайы бағдарлама ойлап тапқан. Тазартудан кейін қарыздарыңыз жойылады. Микроқаржы ұйымы немесе банк сіздің несиеңізді қайта қалпына келтіре алмайды, себебі тазарту қосымша жадта жүрде. Біз Ресейде, Украинада және Қазақстанда онлайн режимде жұмыс істейміз", - деп жазған алаяқтар. 

Telegram мессенджерінде тараған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар 1,2 млн теңге қарызды өшіру үшін 80 мың теңге сұраған. Ал несие иесі аты-жөнін, ЖСН және телефон нөмірін беруі тиіс. 

"Бұл қалай жұмыс істейді? Алаяқтарға керегі – сіздің телефон нөміріңіз. Қызмет ақысын төлеген соң, SMS жіберуішінің атын өзгертетін сервис арқылы хабарлама жіберіп, сіздің несиеңіздің өшкенін және енді қарыз емес екеніңізді айтады. Әрине, несие өшіп қалмайды. Ал сіз мұны білген кезде алаяқтар ізін суытып үлгереді", - деп ескертеді жазба авторы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр