AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су мен кәріз жүйесі жоқ: Қарағандылықтар әкімдіктің немқұрайлығына наразы

Қарағанды қаласының тұрғындары ауыз суға зәру болып отырғандарын айтып шағымдануда. Құдықтан кермек су тасып ішуге мәжбүрміз деген олар Stan.kz тілшісіне арыз-талаптарын жеткізді. 

Қаланың қақ ортасындағы Космонавтов көшесіндегі №172 үйдің иесі Зинаида Үзембаева бір жұтым ауыз суға зәруміз деп налиды. Ол ұңғымадан алатын тіршілік нәрін кермек дәмінің кесірінен іше алмаймыз, тек ғана  күнделікті тұрмыста қолданамыз деп отыр. 

“Судың бәрін тасып ішеміз. Ауызымыз құрғап, сусыз отырмыз. Қанша рет әкімдікпен Қарағанды су жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бардық. Биліктен  ешқандай  ешбір көмек жоқ. Су мәселесімен арпалысып шаршадым”, – дейді ол. 

Тұрғындарды толғандырған түйткілді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қазыбек би атындағы аудан әкімі Нұрлан Рыстинға нақтылап назарға алып, тез арада шешуді шегелеп тапсырды.

“Осы сұрақ бойынша жоба әзірленді. Оны біз тұрғын үй коммуналды шаруашылығына жолдап жібердік. Биыл аталған жобаны жүзеге асырамыз. Мәселені шешетін боламыз”, деді аудан әкімі.  

Қарағандылықтарды ауыз судан бөлек, кәріз жүйелері, жарық, жол мәселелері де  қатты алаңдатып отыр. Космонавтов көшесінің тұрғыны Нұрсия Кенжебекова үйінің алдындағы ескі арыққа су жиналатынына наразы. Салдарынан шалшық су оның ауласына  өтіп, баспанасына ағып кіретін көрінеді. Сондықтан ол әбден әбігерге салған мәселесін қала билігінен біржақты етуін сұрайды.

“Әкімдік, депутаттар осы мәселені шешіп, біздің мәселені қарастырса деймін. Ендігі айтатын мәселеміз сол арықты қайтадан тазартып, жабық қылып жасаса дейміз. Себебі сол арықтан өткен-кеткен кісілер қоқыс тастап, көшелердің  бәрін қармен жауып тастайды. Осындай кезеңде бүкіл қар мен суды  өзіміздің күшімізбен тазалаймыз”, – дейді қала тұрғыны.

Талай жыл жұрттың титығына тиіп, тығырыққа тіреген бұл мәселенің біржақты етілетініне бұқараның үмітінен гөрі күдігі басым. Алайда кенді шахар басшысы халықпен кездесу барысында  күрмеуі қиын сұрақты шешілу жолдарын қарастырамыз деп қысқа қайырды. 
“Біз енді кәрізі құбырымен жұмыс жасаймыз. Орталықтандырылған су жүйесі әзірге жоспарда жоқ. Қаражат жоқ, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әдеттегідей шенеунік шығарып салма жауап, құрғақ уәдемен құтылды деп налиды тұрғындар. Онысы аздай Космонавтов көшесінің ортасындағы ток желілері ауыстырылмаған. Әбден тозығы жеткен. Тіпті күн райы күрт құбылғанда электр жарығы жиі өшіп қалатынын айтады, қараша  халық.

“Бір айда екі рет апаттық жағдай орын алды. Шамалы жел соқса, жарық өшіп қалады. Электр жарығы болмаған кезде пештің температурасы жоғарылап, су қайнап кетеді”, –дейді қала тұрғыны.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр