Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот алимент төлемеген Петропавл тұрғынын түрмеге жаппақшы

Петропавлдың 43 жастағы тұрғыны алмимент төлемегені үшін түрмеден бір-ақ шығуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

алимент

Ер азамат екі баласына 1,6 млн теңге қарыз көрінеді. Қомақты сома үш жылдың ішінде жиналған. Сот борышкердің банк есепшоттарына тыйым салып, елден шығуына шектеу қойғанымен, ер адам қарызынан құтылуға асықпаған. Сот орындаушылары оны көшеден тауып, сотқа алып келген. 

Балаларына алмимент төлемеген азамат өзінің жұмыссыз екенін айтып, ағынан жарылыпты. 

"Менің тұрақты табысым жоқ. Жұмысқа енді ғана орналасып жатырмын. Мені іздегендеріңізді бүгін ғана біліп жатырмын. Қайда тұратынымды бәрі біледі, ешкімнен жасырынған жоқпын. Ал қарызымды балаларыма қайтарамын", - дейді борышкер әке.

Қазіргі таңда сот оған айып салуды немесе үш жылға бас бостандығынан айыруды көздеп отырған сыңайлы. 

"Оған айыппұл төлетіп, ескерту жасаймыз. Бұдан нәтиже шықпаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни біз құқық қорғау органдарына хат жолдаймыз. Әрі қарай қылмыстық жаза қарастырылуы мүмкін. Бас бостандығынан 3 жылға дейін айыру немесе қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады", - дейді СҚО бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының жетекшісі Асан Мәткәрімов.

Еске салайық, Бұған дейін елорда тұрғыны алимент төлемегені үшін су жаңа көлігінен айырылғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау