Басты жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйден үш адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Новоселовка ауылында 3 адамның денесі табылды. Олардың екеуі әйел, бірі ер адам деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығы Дмитрий Растихин айтты. Сөзіне сүйенсек, олардың өлімін жақындары көрген. Сондай-ақ үйде тағы бір адамның ауыр халде жатқанын байқаған.
“Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиіп мерт болған. Қайтыс болған екі әйелдің біреуі 57 жаста, екіншісі 35-те және үй иесі ер адам 62 жаста болған. Төртіншісі ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді”, – деді ол.
Сондай-ақ ведомства бастығы жыл басынан бері 10 адамның көз жұмғанын, тағы 4 адамның өрттен жарақат алғанын және 24 жанның иіске уланғанына тоқталды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған